31 Січень, 2019

XII Міжнародна науково-практична інтернет-конференція

  • АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ МӘҢГІЛІК ӨМІР ИДЕЯСЫ

      Ырсалды Аңламасова (Қарағанды, Қазахстан) |    Завантажити статтю |  Link

    Адам өмірінің мәні мәңгілік өмір идясының белсенді талқыда болуы, өмір неғұрлым мәнді болған сайын адамның өмірге деген, оны сүруге деген, құлшынысы арта түседі. Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Олар әр түрлі тарихи үдеріске байланысты қоғамдық ой сананың өзегіне айналған. Адам өмірінің мәңгілік идеясы тарихтың кез-келген талдауындағы өзекті мәселе болғаны белгілі, тек осы идеяның уақыт өте келе адам қабылдауымен үлкен өзгеріске тап болғаны ұлт үшін, қоғам үшін жоғары көрсеткішті бермейді. Бүгiнгi жастардыӊ елiмiздiӊ ертеӊi үшiн ᴏныӊ мықты кiрпiшi бᴏлып қаланатынына сенiмдерi мᴏл.   Философия сол ғасырлар бойы өзінің зерттеу обектісін дүние мен адам арасындағы қарым-қатынасты зерттеп келеді.

  • БИОЭТИКАНЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ

      Алуа Бакирова (Қарағанды, Қазахстан) |    Завантажити статтю |  Link

    Адамның туғаннан бастап өмір сүруге, бостандықта болу мен бақытқа ұмтылуға ажырамас құқығы бар. Өмір сүру, демалу, Денсаулық сақтау, қолайлы қоршаған орта, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін жағдайларда еңбек ету құқықтарын ол өмір сүру процесінде жүзеге асырады."Өмір - материяның өмір сүру формасы"екені белгілі. Бұл адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өмір сүру ортасымен үздіксіз өзара әрекеттесуден тұратын өмір сүру процесінде бар деп айтуға мүмкіндік береді. "Тіршілік әрекеті" ұғымы "қызмет" ұғымынан әлдеқайда кеңірек, өйткені адамның тек еңбек процесін ғана емес, оның қоршаған ортадағы демалу, тұрмыс және көші-қон жағдайларын да қарастырады. Бүкіл тірі адамның өмір сүруі мен дамуының негізгі принципі міндетті түрде сыртқы әсердің болу принципі болып табылады: "Тірі дене дамиды және оған сыртқы әсерлердің болуы кезінде ғана өмір сүре алады". Тірі дененің өздігінен дамуы мүмкін емес.