31 Березень, 2023
Кілт сөздер:А.Байтұрсынұлы, уезд, болыс, қоғам, ғылым, тарих, тұтқыр тіл,цензура, “Ақ жол”, сәлем хат, революция, газет, демократия. Аса көрнекті ағартушы-ақын,ірі филолог-ғалым, қазақтың ұлттық тіл білімі мен әдебиет зерттеу ғылымдарының негізін қалаушы, тағылымды тәржімашы, танымал қоғамдық және саяси қайраткер, ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында республикадағы мәдени құрылысты ұйымдастырушылардың бірі – заманында атақ-даңқы халық арасында аңызға айналып кеткен асқан дарын, жан-жақты мол білім иесі адамның бойындағы асыл қасиеттер мен қабілеттердің бір сыпырасы осындай. Бұл кісіні қазақ халқының Абайдан кейінгі тарихындағы аса жарқын тұлғалардың бірі десе, ешбір асыра айтқандық болмайды.