28 February, 2019

XIII Міжнародна науково-практична інтернет-конференція

  • XXI ғасыр ақпараттандыру ғасыры. Ақпарат төртінші билік тармағына айналды. Заманауи әлемде стратегиялық артықшылықтардың ең маңызды құралдарының бірі ол ақпараттық әсер ету құралдары мен күштері болып табылады. Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мен технологиялардың, ақпараттың қоғамдағы орнының маңыздылығының артуы жаңа ақпараттаңған қоғамды қалыптастырады. Сондықтан бұл қоғамға акпараттың көмегімен психологиялық әсер етудің көлемінің артуына және эффективтілігінің дәрежесінің артуына әкеліп соғады. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялықжүйелердің дамуы акпараттық кеңістіктің заманауи триадасын құрады: адам, ақпарат, техникалық құралдар.

  • КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

      Айкерім Қоңырбаева (Қазақстан, Астана қ.) |    Download article |  Link

    Ақпараттық қауіпсіздік - ақпараттың қорғалғандығы және кездейсоқ немесе қасақана әсер ететін табиғи немесе жасанды сипаттағы - ақпарат иесіне, оның қолданушыларын зардап шегуден, сонымен қатар ақпараттық салада адам мен азаматтың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін нақты және ықтимал қатерлерден қорғайтын инфрақұрылым. Бұл мақалада мекеме, кәсіпорындардағы ақпараттық қауіпсіздік жайлы, оның ішінде ақпаратқа келіп түсер қауіп-қатер жайлы сөз қозғаймыз.

  • Бүгінгі қоғaм – aқпaрaт қоғaмы. Күн сaйын миллиондaғaн жaңa aқпaрaт пaйдa болып, олaр aз уaқыттa өз мaңыздылығын жоғaлтып отырaды. Дегенмен, бүгінгі қоғaм көптеген aқпaрaттaр тaсқынымен жұмыс істеуге үйренді. Бұл үшін олaрғa aз уaқыт aрaлығындa aқпaрaттaрды өңдеп, қaбылдaп, жіберіп отырaтын құрылғылaр көмектесуде. Aтaлғaн құрылғылaрды тaңдaу кезінде олaрдың aқпaрaтты жылдaм жібере aлу мүмкіндігінен бөлек, қолдaну кезіндегі жaйлылығы мен көп функционaлды болуынa бaсты нaзaр aудaрылудa.