ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН КОНТЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҒАЛАУ

  Еңлік Сванқұлова Талғатқызы (Қазақстан, Астана қ.) |    Download article

XXI ғасыр ақпараттандыру ғасыры. Ақпарат төртінші билік тармағына айналды. Заманауи әлемде стратегиялық артықшылықтардың ең маңызды құралдарының бірі ол ақпараттық әсер ету құралдары мен күштері болып табылады. Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мен технологиялардың, ақпараттың қоғамдағы орнының маңыздылығының артуы жаңа ақпараттаңған қоғамды қалыптастырады. Сондықтан бұл қоғамға акпараттың көмегімен психологиялық әсер етудің көлемінің артуына және эффективтілігінің дәрежесінің артуына әкеліп соғады. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялықжүйелердің дамуы акпараттық кеңістіктің заманауи триадасын құрады: адам, ақпарат, техникалық құралдар.