30–31 Березень, 2015

ХІІ Міжнародна науково-практична інтернет-конференція

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға соттардың құқысы жоқ. Егер, сот, қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік акті Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, онда іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Аталған норма бұрынғы заңдарда болмағанын айта кету қажет.

  • Қоғамдық жұмыстарға тарту іс жүзілік тәжірибеде Біздің елімізде бұрын-сонды қолданылып көрмеген, 2000 жылы ғана Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне енгізілген ізгілік бағытындағы қылмыстық жазаның түрі [1-7]. Бүгінгі таңдағы қолданыс аясының бірқалыпсыздығы, объектілердің жетіспеуі, қылмыстық-атқару инспекция қызметкерлерінің аздығы, прокуратураның заңдылықты тексерудегі қиындығы, тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғаларға қолданудағы жүйесіздігі, осы жазаны қолдануда біраз мәселелерге әкеліп соқтыруда. Жалпы алғанда аталған жаза түрінің қылмыстық жаза ретінде дәріптелуі жоғары болғанымен, жүйелі түрде тұрақты қолданысқа түсуі бірқатар толықтырулар мен өзгерістердің басын тоғытуды қажет етеді. Кеше ғана темірдей тәртіп орнаған заңы бар, мұз құрсаулы, әрі әлемді өз мықтылығымен мойындатқан ұлы державаға айналған Кеңестер Одағындағы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына бүгін міне 20 жылдан асты. Осыған орай өз салтымен дәстүріне, ұлттық ожданына сәйкес құралған Конституциясына, оның ішіндегі негіздемесі, яғни, адамның өмір сүру құқығы және бас бостандығы, ар-намысы мен қадір қасиеті іспеттес құндылықтарына баса назар аударылған.

  • АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ МЕНШІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

      Нургуль Кадралиева, Дамира Құрманбаева, Гульзат Ораз (Қазақстан,Тараз) |    Завантажити статтю |  Link

    Қазақ халқы өзінің тарихында басынан небір қилы заманды өткізген. Көшпелі қазақ өркениетінің бай рухани және құқықтық қазынасын зерттеу болашаққа болжау жасау. Көшпелілердің әдет заңдары қоғамдық дамудың ұзақ процесінде қалыптасты, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты.[1] Көшпелілір қоғамы бытыраңқы әрі өзгерістерге толы болғандықтан адамдар құқығын тану, ру мүддесін қорғау қажеттігінен әрекет нормалары туындады. Осы әрекет нормалары қоғам дамуы, қатынастар қалыптасуы барысында әдет заңдарына айналды. Орта Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және түркі ұлыстары өздерінің әдет заңдарын біртіндеп өмірге алып келді. Әдет-ғұрып нормалары қоғамдардың орнығуына, экономиканық қуат алуына, мәдениеттің дамуына ықпал етті.

  • АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      Нургуль Кадралиева, Дамира Құрманбаева, Гульзат Ораз (Қазақстан,Тараз) |    Завантажити статтю |  Link

    Адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі барлық мемлекеттердің саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық тәжірибесі мен теорияда да ең басты орындарының бірінде тұратыны анық, себебі ол ең басты әлеуметтік кұндылықтардың бірі. Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жыйынтығы адам құқықтарының жалпы мәртебесін құрайды. Ал ол өз кезегінде үш жеке мәртебеден құралған: - мемлекетде, жеке тұлға да араласуға қүқықығы жоқ бостандық саласы; - мемлекетке тиесілі яғни, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекетке жүгіну; - мемлекетті құруға және басқаруға, қоғамдық өмірге белсене араласа алуға құқығы [1.29б.].