Қоғамдық жұмыстарға тарту іс жүзілік тәжірибеде Біздің елімізде бұрын-сонды қолданылып көрмеген, 2000 жылы ғана Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне енгізілген ізгілік бағытындағы қылмыстық жазаның түрі [1-7]. Бүгінгі таңдағы қолданыс аясының бірқалыпсыздығы, объектілердің жетіспеуі, қылмыстық-атқару инспекция қызметкерлерінің аздығы, прокуратураның заңдылықты тексерудегі қиындығы, тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғаларға қолданудағы жүйесіздігі, осы жазаны қолдануда біраз мәселелерге әкеліп соқтыруда. Жалпы алғанда аталған жаза түрінің қылмыстық жаза ретінде дәріптелуі жоғары болғанымен, жүйелі түрде тұрақты қолданысқа түсуі бірқатар толықтырулар мен өзгерістердің басын тоғытуды қажет етеді. Кеше ғана темірдей тәртіп орнаған заңы бар, мұз құрсаулы, әрі әлемді өз мықтылығымен мойындатқан ұлы державаға айналған Кеңестер Одағындағы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына бүгін міне 20 жылдан асты. Осыған орай өз салтымен дәстүріне, ұлттық ожданына сәйкес құралған Конституциясына, оның ішіндегі негіздемесі, яғни, адамның өмір сүру құқығы және бас бостандығы, ар-намысы мен қадір қасиеті іспеттес құндылықтарына баса назар аударылған.
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ ТҮРІНДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА
Зарина Тлеккабылова (Қостанай, Қазақстан) | Завантажити статтю