АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Нургуль Кадралиева, Дамира Құрманбаева, Гульзат Ораз (Қазақстан,Тараз) |    Завантажити статтю

Адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі барлық мемлекеттердің саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық тәжірибесі мен теорияда да ең басты орындарының бірінде тұратыны анық, себебі ол ең басты әлеуметтік кұндылықтардың бірі. Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жыйынтығы адам құқықтарының жалпы мәртебесін құрайды. Ал ол өз кезегінде үш жеке мәртебеден құралған: - мемлекетде, жеке тұлға да араласуға қүқықығы жоқ бостандық саласы; - мемлекетке тиесілі яғни, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекетке жүгіну; - мемлекетті құруға және басқаруға, қоғамдық өмірге белсене араласа алуға құқығы [1.29б.].