30 апреля, 2021
Кез-келген тілдегі жер-су атаулары – халықтың ерте заманнан бастап мыңдаған жылдар аралығындағы ұжымдық шығармашылығының жемісі. Этнологиялық кеңістікте қалыптасқан халықтық атаулар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, оның ұлттық дүниетанымының, рухани болмысының, құндылықтар жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, тарихи жәдігері, мәдени мұрасы болып табылады. Жер-су атаулары – адамзат пен оны қоршаған топографиялық ортаны тікелей байланыстырып отыратын, сол арқылы этностың тілдік, территориялық, этникалық сәйкестігін айқындайтын маңызды тілдік мәдени фактор.