28–29 февраля, 2016

ХXIII Международная научно-практическая интернет-конференция

  • Қазақстанның жер көлемі жағынан үлкен әрі экономикалық қолайлы аумақта орналасқан, осы үстемдіктерді ескере отырып, тиімді басқару жолдарын қарастыру керек. Қазіргі кезде Қазақстанда туристік кластерді қалыптастыру мен дамыту туристік нарықтың дамуының негізгі көзі. Қазақстанда туристік кластерлерді дамыту жоспарында туристік ресурстарды бағалау және туристік индустрияны дамытудың стратегиясын ұсыну қарастырылған. Туризм экономикалық тұрғыда әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі. Ол, ел экономикасында маңызды рөл атқарады, сондай-ақ ғаламдық күйзеліске орай болашағы зор сала болып табылады. Туристік бизнес елдегі туризмнің әдістері, жолдары мен құралдарын қалыптастырып қана қоймай, ол мемлекет алдында тұрған кейбір әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Барлық саламен байланысы бар туризмнің нақты бейнесін Қазақстанда қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

  • СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

      Айнұр Мырзағұл (Астана,Қазақстан) |    Скачать статью |  Link

    Сырдария – Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Бастауын Орталық  Тянь-Шань сілемдерінен алады. Нарын мен Қарадария өздерінің қосылған жерінен бастап Сырдария деп аталады. Арал теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2219  км, су жинайтын алабы 462 мың км кв. Орта және төменгі ағысы  Қазақстан жерінде республикадағы ұзындығы 1400  км, су жиналатын алабы 240 мың км кв. Өзен бастауын  тау деңгейінен жоғары 3300 — 4400 м биіктікте жатқан таулы өңірден алады. Алабында өзен суын толықтырушы, жалпы ауданы 2208 км кв болатын 1713 мұздық бар. Қазақстан жеріндегі (Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда обылыстары) алабы негізінен құмды келеді. Қызылқұмның солтүстік және Арал Қарақұмының оңтүстігімен ағады.