30–31 Грудень, 2017

48 Міжнародна науково-практична інтернет-конференція

  • САХНА ТӨРІНЕН ТЫС ҚАЛҒАН «ТАС ТҮЛЕК»

      Тәңірберген Ембергенов (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю |  Link

    Қазақхалқы талай дүрбелеңді басынан өткізді.Соның бірі В. И. Ленин бастаған «Қазан төңкересінен» кейінгі Кеңес үкіметінің құрылуы, оныңішінде жер-су реформалары, қазақ байларын тәркілеу туралыдекреттерінің қабылдануы қазақ қоғамынаүлкен өзгерістер мен қатар қасіретті алып келді. Кедей мен байлар тең өмірсүру керек деген жарлық біреуге жағымды жаңалық болса, ал кейбір азаматтардың наразылығын тудырып жатты. Қазақ байлары мен ахуалды шаруалар шығарылған үкіммен келіспей, шекара асып көрші мемлекеттерге бас сауғалауға мәжбүр болды, ал елде қалғандары жанын жегідей жеп орыстар шығарған үкімге көніп, мойын ұсынуға амалдары қалмады. Бастапқыда мерейлері өскен, қуанғандарынан екі езулері екі құлақтарына жетіп, бір марқайып қалған қызыл сирақ кедейлер көп ұзамай бұл саясаттан ештеңе ұтпағандарын түсінді. Дегенмен де, кеңес үкіметінің қалаларда жоғары оқу орындарын ашып, сауатсыздықты жою мен мәдени революциясы науқаны сынды саяси ағарту жұмыстарын жоққа шығара алмаймыз.

  • АКТЕРЛІК ІЗДЕНІС ЖОЛЫНДА

      Ұлжан Құрманбай (Қазақстан, Алматы) |    Завантажити статтю |  Link

    «Театр өнері – бұл ең алдымен актерлік өнер»[1], – дейді ұлы режиссер В.И.Немирович-Данченко. Расымен де жанымызды тазартып, көңілімізді аулайтын театрдың айнасы – актерлер екені даусыз. Олардың ерлігі өткеніміз бен болашағымыз жайлы қиялымыздағы дүниені көз алдымызға алып келуінде.Демек театртанушы Меруерт Жақсылықова айтқандай: «суреткер сахнада ойнап жүріп, «бейненің бейнесін» жасайды, яғнисөзбен сомдалған автор қиялындағы бейнеге сүйене отырып, көзбен көріп, сезінуге болатындай етіп, бейнеге жан бітіреді.» [2] Актер – екінің біріне бұйыра бермейтін ерекше талант иесі. Театрда драматургтен бастап, суретшіге дейін қызмет етсе, сол өнерпаздардың барлығының еңбегін көрсететін – актер. Қойылымның сәтті шығуы мен көрермен залының лық толы болуы актерге байланысты.

  • ҚАЗАҚ ТЕАТР РЕЖИССУРАСЫНЫҢ БАСТАУЫ

      Бақыт Нұрпейіс (Қазақстан, Алматы) |    Завантажити статтю |  Link

    Қазіргі кезде қазақ театр тарихын жаңа деректермен толықтырып жазу күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Әсіресе ұлттық театр өнерінің тууына қатысты мәліметтер әлі күнге дейін көпшілікке дұрыс мәлім емес.

  • Бейімбет Майлин – халық жазушысы. Халық әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Бұл жазушы қазақ драматургия саласында жемісті еңбек етті. Туып-өскен жері қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Кішкентайынан жетімдіктің зардабын шегіп байларға жалдана жұмыс жасап жүріп, сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартып,«Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және «Сауатсыздарға арналған әліппені» шығарды.Б. Майлин прозаның «қысқа сөз шебері», көлемі аз, мазмұны, идеясы мол, аз сөзге көп мағына сыйғызатын ұқсатымпаз шебер деуге болады.Б. Майлин қазақ әдебиетінің сол кездегі барлық жанрына қалам тартқан, ұлттық қалыпты, қазақтық ортаны көркем суреттеген классик қаламгер.

  • Залучення шкільної молоді до хорового співу - завдання, важливість якого визначається роллю активної музичної зокрема - співочої діяльності в духовному збагаченні і художньому вихованні нових поколінь. Ступінь зацікавленості школярів систематичними заняттями хоровим співом багато в чому визначається їх інтересом до хорового виконавства, можливістю висловити свої емоції, почуття, переживання в художній формі. Підтримка і розвиток цього інтересу обумовлена якістю діяльності керівника хору, його професійною майстерністю, умінням знаходити взаєморозуміння з членами хорового колективу, досягати разом з ними художньо яскравих результатів.

  • СҰМ СОҒЫСТЫҢ ЗАРДАБЫ

      Ұлбосын Тулақова (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю |  Link

    Драматургия – театр өнерінің алтын діңгегі. Ал әдебиетте күрделі жанырлардың бірі болып табылады. Себебі, оқиғаның мән-мағынасын, мазмұнын сахнаға лайықтап, әрекетке құру оңай дүние емес. Сондықтан болар, көптеген жазушылар драматургия әлеміне ат басын бұра бермейді. Дей тұрғанмен, бойына батылдық алып, қазақ драматургиясының қалыптасуына зор үлес қосқан қазақ халқының рухани-әлеуметтік болмысын қалыптастырған ұлы жазушы, драматург, қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, аса дарынды талант иесі Мұхтар Әуезовтың бізге қалдырған мұрасы баға жетпес қазына.

  • САХНА ӨНЕРІНІҢ ЕҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ – СӨЗ

      Бақытжан Турдалиева (Қазақстан, Алматы) |    Завантажити статтю |  Link

    Қай халықтың болмасын, оның ұлттық өмір тіршілігінде ана тілі маңызды рөл атқарады. Ендеше тіл дегеніміз – ұлт. Кез-келген ұлттың ұлт болып өмір сүруі – осы тілдің арқасында. Ұлы ақынымыз М.Жұмабаев: «Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүние жасай алған емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмаққа тиісті» [1, 289]– деп ХХ ғасырдың басында-ақ айтып кеткені мәлім.

  • ҚАРС АЙРЫЛҒАН АНА ЖҮРЕГІ

      Жансая Тұрмағанбет (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю |  Link

    Дүние жүзі ұлылары тудырған озық туындыларды біз «классика» деп аталатын әлемдік алтын қордың қатарына енгіземіз. Классика, бұл дегеніміз, сан ғасырларды артқа тастаса да, бағасы мен орнын жоғалтпайтын, өміршеңдігімен ерекше туындылар. Ал, мұндай шығармалармен танысу – әрбір шығармашыл тұлғаның, мейлі, суретші болсын, яки әдебиетші, сондай-ақ өзге де талантиелері үшін, жалпы, өнерге жасалған қадамның ең алғашқысы болып табылмақ. Сол секілді біздің саламызда, яғни, театр өнері саласында да бәріміз оқып, хабардар болуға тиіс драмалық шығармалар тізіміне кіретін классикалық жауһарлар аз емес.