САХНА ТӨРІНЕН ТЫС ҚАЛҒАН «ТАС ТҮЛЕК»

  Тәңірберген Ембергенов (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақхалқы талай дүрбелеңді басынан өткізді.Соның бірі В. И. Ленин бастаған «Қазан төңкересінен» кейінгі Кеңес үкіметінің құрылуы, оныңішінде жер-су реформалары, қазақ байларын тәркілеу туралыдекреттерінің қабылдануы қазақ қоғамынаүлкен өзгерістер мен қатар қасіретті алып келді. Кедей мен байлар тең өмірсүру керек деген жарлық біреуге жағымды жаңалық болса, ал кейбір азаматтардың наразылығын тудырып жатты. Қазақ байлары мен ахуалды шаруалар шығарылған үкіммен келіспей, шекара асып көрші мемлекеттерге бас сауғалауға мәжбүр болды, ал елде қалғандары жанын жегідей жеп орыстар шығарған үкімге көніп, мойын ұсынуға амалдары қалмады. Бастапқыда мерейлері өскен, қуанғандарынан екі езулері екі құлақтарына жетіп, бір марқайып қалған қызыл сирақ кедейлер көп ұзамай бұл саясаттан ештеңе ұтпағандарын түсінді. Дегенмен де, кеңес үкіметінің қалаларда жоғары оқу орындарын ашып, сауатсыздықты жою мен мәдени революциясы науқаны сынды саяси ағарту жұмыстарын жоққа шығара алмаймыз.