30–31 июля, 2016
Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды [1, 15 б.]. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.