30–31 Грудень, 2015
Қазіргі кезде кез-келген өндірістің технологиялық процессін автоматтандыру көкейкесті мәселе болып табылады. Бәсекелестіктің қатаң жағдайларында өндірістің күйі жөніндегі ақпараттың толықтығына және жеделдігіне қойылатын талаптар күшейеді. Бұл міндеттердің барлығын өндірісті басқарудың біртұтас интеграцияланған жүйесі аясында шешуге болады.
Заманауи аттракциондарды эксплуатациялау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең бірінші талап болып табылады. Аттракционды пайдалану кезінде барлық қауіпсіздіктерді қадағалау қажет. Қазіргі таңда көңіл көтеру демалыс парктері қауіптілігі жоғары орындардың бірі болып табылады. ҚР Президентінің "Қазақстан - 2030" Жолдауында бірінші стратегиялық басымдылық ретінде белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам қауіпсіздігі ең бірінші орында болып табылатынын атап кетті. Жүргізілген зерттеулер барысында осы аттракциондарға аса мән берілмейтіндігі мәлім болды. Соның ішінде заманауи аттракциондарды кеңінен қолданатындықтан олардың қауіпсіздігі мен сапа көрсеткіштерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Заманауи аттракциондарының қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін зерттеп, аттракциондардың сапа көрсеткішін және қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы пинциптерін қарастырып және олардың сертификатталуына мән беру керек. Зерттеу нысаны ретінде «Шұғыла» демалыс паркінің заманауи аттракциондардың қарастырып талдау болып табылады.