30–31 Грудень, 2014

IX Міжнародна науково-практична інтернет-конференція

  • азақстан Республикасының нарық экономикасына өтуімен біздің қоғам күрделі мәселелерге тап болды. Соңғы кездердің әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістері заңдардың түп негізінен өзгертуін кажет етті. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан үрдістер демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің бекітілуі жөніндегі конституциялық ережелердің қамтамасыз етілуіне бағытталған. Ал, мұндай мемлекеттің негізгі құндылықтары болып адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы белгілі.

  • Қазіргі кезеңде көптеген елдерде мемлекеттік механизмнің құрылуы мен қызмет етуінің негізгі іргетасы рөлін биліктің үш тармаққа бөлінуі принципі атқаруда. Қазақстан Республикасында да, Конституцияға сәйкес билік атқарушы, заң шығарушы, сот билігі болып үшке бөлінеді және олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.