29–30 September, 2015

ХVІІI Міжнародна науково-практична інтернет-конференція

  • «Балалы үй базар» демекші, қазіргі таңда елімізде бала саны 6 млн.-нан астам екен. Бала санының көп екені қуантарлық жайт болғанымен, дені сау балалар саны азайып, яғни мүмкіндігі шектеулі балалар соңғы уақытта көбейіп бара жатқандай. Мысалы, соңғы жылдары статистикалық мәліметтердің көрсетуі бойынша, елімізде 149 043 мүмкіндігі шектеулі балалар бар, ол Қазақстанның әрбір 113 – ші азаматы мүмкіндігі шектеулі бала, ал онын 33-і ер балалар болып табылады. Бұрындары бұл сандар көрсеткіші аз болғанымен, қазіргі уақытта физикалық және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар санының өсу қарқыны байқалып отыр[1].Мүмкіндігі шектеулі бала – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.