30 September, 2025
Тісжегі резистенттілігі-бұл тістердің тісжегісіне деген төзімділігі. Тістердің тісжегісіне төзімділігі бұрын ауыр және созылмалы қосалқы аурулармен ауырмаған, олардың салдарынан зардап шекпеген, дұрыс тамақтану тәртібін сақтайтын, қажетті макро- және микроэлементтерді жеткілікті мөлшерде қабылдайтын адамдарда қалыптасады.Тіс эмалінің құрылымдық төзімділігі-бұл тістер эмалінің өз қасиеттеріне байланысты тісжегісініңпайда болуына қарсы тұру қабілеті.Қазіргі таңда, халыққа стоматологиялық көмек көрсетуді дамыту, тістің қатты тіндерінің зақымдануының алдын алу және процестің дамуын болдырмау үшін алдын-алу шараларының кешені өзекті болып табылады.