30–31 Жовтень, 2015
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында халыққа жолдауын жария етіп, жолдау аясында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлім етті. Мемлекет басшысы осы жолдауында : «Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі» - деп, тағы да туризмді тиімді сала ретінде елімізде дамыту қажеттілігін атап көрсетті [1, 10 б.].Туризм Қазақстан Республикасының экономикасының шикізаттық емес салада дамытудың бірден бір көзі, алайда елімізде ішкі туризм мен кіру туризмінің үлесі ЖІӨ-нің тек қана 0,3 %-ын ғана алып, даму деңгейінің төмен дәрежеде екендігін көрсетіп отыр. Көптеген отандық және халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан туризмді дамуы бойынша өз мүмкіндіктерін қолдана алмай отыр, егер оны ары қарай жетілдіретін болсақ, әлемдік тәжірибеден байқағанымыздай, туристік индустрия ең кірісті саласы бола алады.