30 Вересень, 2023

VІІI Міжнародна науково-практична інтернет-конференція

  • «Еңбекші қазақ» газеті және Ілияс

      Нүрила Мырзабек, Шара Кыяхметова (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю |  Link

    «Еңбекші қазақ» газеті - Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық кезеңінің, атап айтар болсақ, журналистік жолының айтулы бір кезеңі. Ілиястың журналистикасын сөз еткенде, «Еңбекші қазақ» газетіндегі атқарған қызметі мен жазған мақалаларын тілге тиек етуіміз қажет. Себебі, Ілияс Жансүгіров 1928-1931 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді. Осы 3 жыл Ілияс шығармашылығының тағы бір басқыш жоғарылаған маңызды кезеңі болды. Бұл кезде ақын есімі бүкіл Одаққа таныла бастайды [1, 6]. Яғни, Ілияс Мәскеуден оқуын бітіріп, елге оралғаннан кейін осы газетте қызмет атқарып, ел ішіндегі түрлі мәселелер жайлы қалам тербеп, халықтың мұңы мен жан айқайын өз атынан газет бетінде жеткізіп, аянбай еңбек еткен. Ақын басқа қызметтерінен гөрі журналистік салада атқарған еңбегінің салмағының ауыр екендігіне: «Менің көрнекті еңбегім қазақтың журналистикасында жатыр... әрбір газет мақалаларында, жазу техникасында біраз істеген еңбегім жоқ емес» [2, 12], - деген сөзі куә. Осы тұста «Ілияс Жансүгіров – қазақ баспасөзіндегі ең алғашқы кәсіби журналист» [3, 26], - деген пікірді негізге ала отырып, жоғарыда айтып өткеніміздей, Ілиястың Мәскеу мемлекеттік журналистика институтында білім алып, дипломдық жұмыс қорғаған алғашқы оқыған журналист екенін айта өтуіміз қажет.