Қазіргі заман талабына сай адамдар арасындағы мәліметтермен алмасу, тілдік қарым-қатынасы пен ақпараттық қызмет көрсету салаларының қарқындылығына ілесе отырып, ақпараттарды дер кезінде ала алу мен пайдаға асырудың маңызы зор. ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры, яғни адамдарды жан-жақты ақпараттандыруға көшу, ақпараттық әлеуетті дамыту. Сондықтан да мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сай оқушылардың білімдарлығын тек қана сауаттылық деңгейін, оның ішінде ақпараттық сауаттылығын дамыту арқылы ғана жеткізуге болатындығы айқын көрсетілген.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Зағира Қашқынбаева, Алтынай Нұралиева, Инкар Джунисова (Тараз, Қазақстан) | Завантажити статтю