ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

  Зағира Қашқынбаева, Алтынай Нұралиева, Инкар Джунисова (Тараз, Қазақстан) |    Download article

Қазіргі заман талабына сай адамдар арасындағы мәліметтермен алмасу, тілдік қарым-қатынасы пен ақпараттық қызмет көрсету салаларының қарқындылығына ілесе отырып, ақпараттарды дер кезінде ала алу мен пайдаға асырудың маңызы зор. ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры, яғни адамдарды жан-жақты ақпараттандыруға көшу, ақпараттық әлеуетті дамыту. Сондықтан да мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сай оқушылардың білімдарлығын тек қана сауаттылық деңгейін, оның ішінде ақпараттық сауаттылығын дамыту арқылы ғана жеткізуге болатындығы айқын көрсетілген.