АНТИКА ЖӘНЕ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ҰҚСАС САРЫНДАР

  Анар Садырова (Талдықорған, Қазақстан)  |    Завантажити статтю

Түркі халықтарының фольклорында, әсіресе, тарихи аңыздар мен шежіре жанрларында тастанды баланы бөрінің асырағаны, ол баладан оның он құрсақ көтеріп, өз алдына бір әулет болып қатарға қосылғаны, олардың Ашина әулеті деп аталғаны кең түрде орныққаны белгілі. Түркі қағанаты құрылғанға дейінгі ғұндар дәуірінен қалған «Көк бөрі», «Ергенекон» дастандарынан бұл мифтік танымды бейнелі түрде баяндайтын өзіндік сюжет қалыптасқаны тотемдік мифтің сол кездің өзінде орны айрықша болғанын көрсетеді.