Білім – адамның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, қоғаммен бірге үнемі өзгеріп отырады. Қай кезеңде болса да, жалпы білімнің атқаратын қызметі¬¬ – тұлғаның танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз етіп, ұлттық қасиетті бойға сіңірте отырып, қоғамға, мемлекетке білімді, білікті, жан – жақты дамыған маман дайындау. Заман өзгерісіне қарай ЖОО – на қойылатын талап та, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс – тәсілдері де өзгеруде. Мұнда оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық – бағдарлық мәселелері, студент деңгейіндегі ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдістері, студенттің жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагокикалық технологияларды таңдау тәсілдері, оқытудың негізгі бөлімдері және әдістері ретінде қарастырылуда.
ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ
Гулмира Габдуллина, Ж.Кенжеғазы (Алматы, Казахстан) | Завантажити статтю