Сөз көп мағыналы құбылыс. Таңба болса дербес өмір сүріп, өзі белгілеп тұрған затпен тікелей байланыста болмайды деген пікір де айтылады. Мысалы, «а» дыбысы дербес емес, өйткені оның әр түрлі фонетика-семантикалық жүгі болады. Сондай-ақ, дыбыстың мағынасының да өзіндіктарихы бар екен, сол мағына арқылы ол фонетикалық және лексика-семантикалық жүйеде байланыс жасайды. Сондықтан тіл элементін кездейсоқ деп тануға болмайды. Этнограф-ғалымЛеви-Стростың пікірінше, тіл-мәдениетті игерудің ең тиімді жолы әрі жүйелі мәдени құбылыстың жетілген түрі.