А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫӘЛІПБИІНДЕГІДЫБЫС ЕРЕКШЕЛІГІ

  Назира Сайбекова (Алматы, Қазақстан) |    Download article

Сөз көп мағыналы құбылыс. Таңба болса дербес өмір сүріп, өзі белгілеп тұрған затпен тікелей байланыста болмайды деген пікір де айтылады. Мысалы, «а» дыбысы дербес емес, өйткені оның әр түрлі фонетика-семантикалық жүгі болады. Сондай-ақ, дыбыстың мағынасының да өзіндіктарихы бар екен, сол мағына арқылы ол фонетикалық және лексика-семантикалық жүйеде байланыс жасайды. Сондықтан тіл элементін кездейсоқ деп тануға болмайды. Этнограф-ғалымЛеви-Стростың пікірінше, тіл-мәдениетті игерудің ең тиімді жолы әрі жүйелі мәдени құбылыстың жетілген түрі.