САЯХАТ ЖОЛДАМАЛАРЫН БРОНДАУ ҮРДІСІН ЖОБАЛАУ

  Ілияс Құрманбай, магистрант, Г.О. Сейдалиева, а.-ш.ғ.к., А.Н. Алтыбаев, т.ғ.д. (Алматы, Қазақстан)  |    Скачать статью

Қазіргі уақыттағы тур агенттік кәсіпорындарының нарықтағы қатаң бәсекелестік кезінде өз қызметтерінің барлық тізбесін жедел және сапалы ұсыну мүмкіндігіне ие болуы, бұл ретте басқару мен түсінуде күрделі емес реттелген және құрылымдалған жүйені пайдалана отырып жасалынады. Осы міндеттерді шешуге басқарудың автоматтандырылған жүйелері мен брондау жүйелерін қолдану арқылы қол жеткізілетін тур агенттік кәсіпорынды және оның құрылымдық бөлімшелерін кешенді автоматтандыру көмектеседі. Мұндай жүйелердің негізгі қызметі - қызмет көрсетудің барлық процестерінің регламенттелуі, ал оларды автоматтандыру дәрежесі қызметкерлердің қонақтарға мүмкіндігінше көп уақыт бөлуі, осыған орай сервис деңгейін тұтастай жақсарту болып табылады. Қабылдау және орналастыру қызметінің және жалпы қонақ үйдің тиімді жұмысы брондау жүйесін пайдаланбай жасалуы мүмкін емес. Нарықта кез-келген тур агенттік кәсіпорын мiндеттерi үшiн техникалық шешiмдер ұсынылғанына қарамастан, өз объектiсi үшiн брондау жүйесiн таңдау айтарлықтай қиын.