Бастауыш сынып жасындағы балалар мектепке алғаш келгенде танымдық iс-әрекетi еркiн сипатқа ие болады, таным көлмiн кеңейтедi. Ойлау процесi доминантты болып, интелектуальды дамуы бiрiншi жоспарға шығады. Кеңес одағының ағартушы ғалымы «В.А.Сухомлинский [1] адамның бет-бейнесi балалық шақта қалай тәрбиеленгенiне байланысты»- деген. Сондықтан төменгi сынып жасындағы берген тәрбиенiң зор маңызы бар екендiгiн есте ұстаған жөн. Бастауыш сынып оқушылары кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН САБАҚТЫ МЕҢГЕРУІ
М.А. Асылханова, Алмагуль Кулымбаева (Алматы, Қазақстан) | Скачать статью