ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖЕТІСТІГІ

  Асель Айтекова (Актобе, Казахстан) |    Скачать статью

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай  білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының билік жүргізу әдісінен арылуы, оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын студент екендігі, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.