RFID ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ AҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ

  Айдана Шамуратова, Манат Иманқұл (Астана, Казахстан) |    Скачать статью

RFID (Radio Frequency IDentification) – радиожиіліктік идентификация (ұқсастыру). RFID жүйелер әртүрлі функционалды, қуатты және күрделікті сымсыз құрылғылардың кең ауқымды спектрлерінен тұрады. Сондықтан оларды санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша автоматтандырудың күрделі жүйелері тобына жатқызуға болады. RFID жүйесінің айналымындағы деректерді қорғау және ақпаратты сақтау – іскерлік тәжірибе және технологияның қажеттілігі үшін өте маңызды ескерілетін сұрақтардың бірі болып табылады. Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, контенттіне тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.