30 April, 2018
Инновациялар мен технологиялардың дамыған заманында ақпаратты тез қабылдайтын, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметшілердің елге қызмет етуі - әрине, дамушы Қазақстан үшін басты талаптардың бірі. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының бірінші бағыты - «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» - Қазақстандағы кадр саясатының дамуының басты векторы болып саналады. Оның ішінде көрсетілген 15 нақты қадамда - мемлекеттік қызметке адал орналасудың, меритократия қағидатын ұстана отырып, кәсіби мансаптық өсудің мүмкіндіктері, әрі мемлекеттік қызметшілерге ізденіс талабы қойыла отырып, олардың сапасын арттыру айқын көрсетілген.