Инновациялар мен технологиялардың дамыған заманында ақпаратты тез қабылдайтын, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметшілердің елге қызмет етуі - әрине, дамушы Қазақстан үшін басты талаптардың бірі. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының бірінші бағыты - «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» - Қазақстандағы кадр саясатының дамуының басты векторы болып саналады. Оның ішінде көрсетілген 15 нақты қадамда - мемлекеттік қызметке адал орналасудың, меритократия қағидатын ұстана отырып, кәсіби мансаптық өсудің мүмкіндіктері, әрі мемлекеттік қызметшілерге ізденіс талабы қойыла отырып, олардың сапасын арттыру айқын көрсетілген.
ЖАҢАРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ
Арайлым Бақытжанова (Қазақстан, Астана қаласы) | Download article