ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢҒЫРТЫЛАТЫН ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ДАМУ БЫҒЫТЫ

  Н.Ш.Гимранов ( Атырау, Қазақстан) |    Download article

Ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы – бұл Энергетика. Президентіміз ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерлерін атап айтқанда, бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік деп көрсеткен болатын. Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.