ЖАС ҰРПАҚТЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ

  Кырмызы Садыкова (Караганда, Казакстан) |    Download article

Еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы бері, қазақ халқының ұлттық рухы биіктеп, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере бастады. Тәрбиенің негізгі көзі болып табылатын отбасындағы ата-ана мен бала, сонымен қатар ата-әженің де ынтымағы, өмірге бейімделуі мен ізгілікке ұмтылуы - еліміздің келешек кемелдігі. Бүгінде Қазақстан – сан этностың тағдыры түйіскен жері болғандықтан, талай тәрбие үлгілерінің де тоғысқан орталығы. Жаңашылдыққа бой алдырған, жомарт та меймандос халқымыз жақсы-жаманды елеп-екшеуге үлгерместен,идеологиялық ықпалы күшті елдердің прогресшіл болашағына көз жіберіп, тілін меңгеру арқылы тәрбиенің үлгілерін бойға сіңіргені – тарихи шындық. Қай заманда болмасын тарихтың қозғаушы күші сол дәуірді тудырған әйгілі тұлғалар болып келген. Өз заманының әйгілі билері мен батырларының, ғалымдары мен ақындарының, өнерпаздарының өмірі арқылы тұтас бір дәуірді зерделеуге де болады. Олардың өнегелі өмірлері отаншылдық сезімін қалыптастырудың да қайнар көзі - әрине ананың да, әженің де тәрбиесі.