Sci Conferences

CӨЗ ҚҰРАМЫНЫҢ ҰЛҒАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰБЫЛЫСТАР

Зауре Жанғабылова (Жезказган, Казахстан) Download article

Тіл білімінде протеза, эпентеза, эпитеза сияқты терминдер артық дыбыс туралы ұғымды аңғартады. Протезаға л, р, дыбыстарынан басталатын сөздердің алдында ы, і дыбысының қойылып айтылуы жатқызылады. Мысалы: лақ-ылақ, лай-ылай, рас-ырас, разы-ыразы т.б. Сондай-ақ, басқа тілден енген сөздерде де осындай артық дыбыс қойып айтулар кездеседі. Мысалы: стол-үстел, шкаф-ышкаф, русь-орыс т.б. Әрине, соңғы мысалдарға протезалардың қойылып айтылуы қазақ (түркі) тілінде сөз (буын) басында қос дауыссыздың қатар келмеуіне байланысты түсіндіріледі.