30 Квітень, 2026
Мақалада 9-сынып физика курсындағы атом құрылысы мен ядролық құбылыстар тақырыптарын оқытуға арналған жасанды интеллект (AI) технологияларына негізделген виртуалды зертхананың цифрлық прототипі сипатталады. Виртуалды зертхана микродүниелік процестерді көрнекі модельдеу, интерактивті эксперименттер жүргізу және оқушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамыту мақсатында әзірленген. Жүйе оқыту процесін дербестендіру, оқу нәтижелерін талдау және кері байланыс беру мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері мұндай цифрлық құралдардың физиканы оқыту тиімділігін арттыратынын көрсетеді.