ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ МӘСЕЛЕСІН БАҒАМДАУ

  Габит Хасанов (Орал, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарында қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесін қозғады. Президенттің ойынша, 2025 жылға дейін қазақ тілін латын графикасына көшірудің әзірлік жұмыстары жүргізілуі тиіс. Алайда, Ә. Жүнісбек бастаған қазақ тілшілері бұл мәселені жақын арада бастау қажеттілігін айтты [1, с. 3]. Біз де проф. Ә. Жүнісбекке қосыламыз. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанымен, бұл мәселе төңірегінде дау мен талас-пікір көп. Академик Ә. Қайдари, профессорлар Ә.Жүнісбек, С. Мырзабек, А.Мектептегі, М.Жүсіпов т.т. көптеген тілші-ғалымдар тарапынан ғана емес, басқа да сала адамдарын толғандырып, қолдарына қалам алғызып, отырған көкейтесті мәселе – латын әліпбиі мәселесі.