Қазіргі заманда ғылым мен технологияның қарқынды дамуы адамзат өркениетінің жаңа сатысына жол ашты. Әсіресе биология мен биотехнология салаларындағы жаңалықтар адам өмірін жеңілдетіп, медицинаның, ауыл шаруашылығының, экологияның және тағам өнеркәсібінің дамуына үлкен серпін берді. Гендік инженерия, жасушалық технологиялар, трансплантология, биоинформатика, жасанды интеллект жүйелерінің биологиялық зерттеулерге енгізілуі – осының айғағы. Алайда ғылыми жетістіктермен қатар адамгершілік және моральдық сипаттағы күрделі сұрақтар да туындай бастады. Мысалы: адам генін өзгертуге бола ма? Тұқым қуалайтын ауруларды жою мақсатында эмбрионға араласу этикалық тұрғыда дұрыс па? Зертханалық тәжірибелерде жануарларды пайдалану қаншалықты гуманистік? Осындай мәселелердің барлығы биоэтиканың, яғни тірі жүйелер мен ғылыми прогрестің адамгершілік нормаларына сәйкестігін зерттейтін ғылымның аясында қарастырылады.
БИОЭТИКА: БИОТЕХНОЛОГИЯДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қалмахамбет Аяжан, Абдуали Алтай (Астана, Қазақстан) | Завантажити статтю
