ПОЭЗИЯ ҚҰЛАГЕРІ» ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ ЖЕРЛЕСІ ЕКЕНІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН

  Айгерім Қамбарова (Талдыкорган, Казахстан)  |    Завантажити статтю

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келеген. Мен де Ілияс Атамның кіндік қаны тамған жердің тумасымын. Яғни Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Бала кезімнен Ілияс атамыздың өлеңдері, дастандары, поэмаларынан сусындап өскендіктен Ілияс атамыздың шағармашылығының менім өмірімде алатын орны зор. Және де, қазір жоғары оқу орнына Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқып жатқаннан кейін Ілияс өмірі мен шығармашылығы жайлы білім ұштала түсті. Биыл Ілияс Жансүгіровтың туғанына 120 жыл толды. Бұндай айтулы күнді Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы мереке күндерін тамаша өткізді. Мереке Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына арналғандықтан өмір баянына сүйене отырып жасалған шағын музей де құрылды. Мерекелік арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Ілияс аталарына арналған жас ақындардың өлеңдері оқылды. Мерекелік бағдарламалар тұрғындардың жоғары бағасына ие болды. Мен де Ілияс атамыздың өмірі мен шығармашылығына тағы бір мәрте тәнті болдым.