АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫНЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР

  Назира Сайбекова, Дариға Бекова (Алматы, Казахстан) |    Завантажити статтю

Білім алушылардың оқу іс-әрекетінің негізін құрайтын білім, дағды және құзыреттілік жүйесін меңгеру үдерісі тұлғаны дамыту, рухани-адамгершілік, әлеуметтік, отбасылық және тағы басқа құндылықтарды дамыту үдерісі болмаған жағдайда толыққанды болып табылмайды. Рухани-адамгершілік дамудың, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі білім беру үдерісінде негізгі мәні бар ұлттық құндылықтар жүйесі ретінде айқындалатындығын атап айтқым келеді. Жалпы білім беру саласында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын заманауи әдістердің маңызы зор. Соның ішінде, ағылшын тілін оқытуда қолданылатын әдістердің бірі Jigsaw әдісі оқу үдерісінде бірлескен (ұжымдық) оқу дағдысын қалыптастырады.