ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУДАҒЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

  Аятбек Орынбасар (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Энергияны пайдалану тиімділігін арттырудағы негізгі рөл қазіргі заманғы энергияны үнемдеуші технологияларға тиесілі. XX ғасырдың 70-ші жылдарындағы энергетикалық дағдарыстан кейін пайда бола бастаған жаңа технологиялар Батыс Еуропа экономикасының дамуында басымдылыққа ие бола бастады, нарықтық реформаның басталуынан кейін – біздің елімізде де осындай технологияларға қажеттілік туындады. Өндіріске экологиялық пайдамен қоса,  энергетикалық шығындарды азайтатын тиімді технологияларды ендіру бірінші кезектегі мәселеге айналды. Елімізде және бүкіл әлемде мемлекет дамуының басты стратегиялық басым бағыттарының бірі - қазір өндіріс орны болсын немесе сервис саласы болсын, энергия үнемдеу мен энертгетикалық тиімділікті арттыру болып отыр. Мәселен, мамандардың деректері бойынша, Ресейдегі өнімнің өзіндік құнындағы энергия шығынының үлесі 30-40% жетеді екен, бұл батыс еуропалық елдеріне қарағанда біршама жоғары [1]. Мұндай жағдайдың негізгі себептерінің бірі ескірген энергияны шығын ететін технологиялар, жабдықтар мен приборлар болып табылады. Осындай шығындарды азайту бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны айқын.