ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ЖЕТЕКШІ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Мадина Еркинова (Атырау,Казахстан) |    Завантажити статтю

Мұғалім теорема оқытылатын сабаққа дайындала отырып, дәлелдеудің әдісін, жолын, идеясын және басқа да ерекшеліктерін анықтап алуы керек. Мектеп математика курсындағы көптеген теоремалар қарама–қайшылыққа келтіруәдісімен дәлелденеді, сондықтан мұндай теоремаларды оқып–үйрену кезінде мұғалімнің міндеті оқушылардың назарына тек теоремаларды ғана емес, сонымен қатар оларды дәлелдейтін әдісті жеткізуі керек.Оқушылармен бірлесіп теореманы қарама–қайшылыққа келтіру әдісімен дәлелдеу жоспарын жасауға болады [1,160б.].