ОҚЫТУ ТЕОРИЯЛАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

  Диана Мусабекова (Талдыкорган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі - білім алушыларң теориялық білімді өмірде еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Ол үшін оқытудың психологиялық мазмұнын жете зерттеген дұрыс деп ойлаймыз. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі түсінікті де.