БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

  Есешова Жумагуль (Атырау, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді” делінген. Оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен ұйымдастыра білген мұғалім ғана, субъект ретінде оқушының шығармашылыққа бейімділігін аша алады.