ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «БІР ШОҚ ЖИДЕ» ПОВЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТ

  А.Е. Турысбекова (Талдықорған қ, Қазақстан ) |    Завантажити статтю

Адамзаттық тұрлау, рухани қайсарлық Әбіштің кез келген кейіпкерлерінің бойынан табылады десек, қателеспейміз. «Бір шоқ жиде» повесіндегі Тілеу зергер, күлте сақал қорықшы Күдері, жоқ іздеген қауға сақал албан шал қарапайым еңбек адамдары, саусағынан өнері, көкірегінен күй саулаған, жүзінен иманы төгілген, қолы ашық, тірі жанға қиянат жасамаған, адамдық, ар, адамгершілік тағылымымен есінде қалады.