ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЗЕЙІНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ НӘТИЖЕЛІ КӨРСЕТКІШІ

  Әуезхан Ажар (Қазақстан, Алматы) |    Завантажити статтю

Білім беру жүйесінде өскелең ұрпақтың психикасын дамыту педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі. Әсіресе жеткіншектердің зейінін ұйымдастыру педагогикалық үрдістің нәтижелі болуына жетелейді. К.Д. Ушинский, еңбегінде зейінді «...сыртқы әлемнің әсерлерін рухқа енгізетін есік» - деп сипаттаған. Зейін, жеткіншектердің оқу материалын анық және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс-әрекетте бақылауды қамтамасыз етеді. Осындай фактілер психология ғылымында зейіннің өзекті мәселе екенін дәлелдейді.