ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

  Дина Боранкулова, Рыскүл Мусахан (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Географиялық білім берудің даму жолдары қазіргі мектеп жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялармен, интербелсенді әдіс-тәсілдердің қамтылуымен, оқыту үрдісінде тәсілдердің жаңашалануы белсенді артып келеді. Білім алушылар оқыту үрдісінде сабақ мақсатын жете ұғынуы, ғылымға негізделген теорияға сүйенуі, оқыту мақсаттарын, әдістемесін, амалдарын жоғарғы деңгейде пайдалануы мен жобалай білуі, стратегиялық сипатта ойлау алуы және т.б. оқыту технологиясына тән белгілерді дамытуға білім берушінің бағыты жүйелі болуы керек. Оқытудың интерактивті әдістері білім беру ортасында жеке және белсенді көзқарасты жүзеге асырады және оқу үрдісінде білім алушының оқу ортасымен, қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін, адамның жеке тұлғалары арасындағы өзара әрекеттесу үдерісін, диалог, полилог арқылы білім алынатын таным үдерісін қамтиды [1, б.75].