БОКС СПОРТ ТҮРІМЕН ШҰҒЫЛДАНАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН, ЕРІК-ЖІГЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

  Алибек Уралбеков, Нуржан Темирбай, Жомарт Пушкулов (Тараз, Казахстан) |    Завантажити статтю

Кіріспе Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері әртүрлі бағыттағы саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалар жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, елімізде спортқа ерекше көңіл бөлініп, спортты мемлекеттік маңызы бар бағыттар деңгейіне көтеріп, назар аударылып келеді.Сондықтан Қазақстан спортының қазіргідей дәрежеге жетуі, ол тікелей спорт саласына деген мемлекетіміздің ерекше бағыт ұстанып келе жатқандығының нақты нышаны. Спорт әлеуметтік құбылыс сияқты және адам әрекетінің ерекше түрі ретінде көптеген ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Олардың барлығы, спорттық әрекетті өзінің спецификалық міндеттерге, өзінің методологиясы позициясынан зерттейді. Адам әрекетінің, сонымен қатар, спорттың кез келген міндетке психологиялық компоненті тән, психика жұмысын эффективті ететін технология.