ТУЫСТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  Дана Ноғайбаева (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Туыстық мәселесі әлеуметтік ғылымдардың негізгі және маңызды тақырыптарының бірі болып есептеледі. Мұның себебі, туыстық қатынастардың адам өміріндегі мызғымас бір бөлігі болып табылатыны. Кейінгі жылдарда туыстық қатынастар мен отбасы проблемасын зерттеуге байланысты әлеуметтік ғылымдардың ішінен субпәндердің бөлініп шығу тенденциялары да байқалады және жаһандану жағдайында отбасы, туыстық сияқты анықтаулардың мазмұндық өзгеруін бақылауға болады. Бұл ғылымда қалыптасқан "отбасы" ұғымын түсіндірудің заманауи тәсілдерін зерттеудің ерекше маңыздылығын көрсетеді.