Қазақтыңшаруашылық жүйесіндегі түйенің рөлі

  Мүтәл Жарас Советұлы (Еуразия Ұлттық Универстетінің ) |    Завантажити статтю

Байырғы заманнан бастау алған көшпелі тұрмыс салты қазақ халқының өзіне тән дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырды. Сондай-ақ, табиғаттың қатал мінезіне қарсы тұрып жыл он екі айда төрт рет қоныс аударып көшкен халықтың табиғатқа үйлесімді өзіндік тіршілік кешудің формуласы қалыптасты. Мысал ретінде, ауа райының ықпалына қарай қамданып ерте көктемде Бетпақдаладан жаз жайлауы Арқаға еріген қар суын жалдай отырып көшуді айтуға болады. Осындай көшіп-қонуға негізделген қазақ халқының тіршілік жүйесінде түйенің орны жоғары болды. Қазақ халқы көші-қонға таптырмас көлік қызметін атқарған түйені ежелден төрт түліктің төресі ретінде бағалаған.