ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТОМИРИС ХАНЫМ БЕЙНЕСІ

  Л.К. Омарқұлова (Тараз, Казахстан) |    Завантажити статтю

Ана баларының алдында аналық міндетін орындаса, қоғамда, жанұяда әйел ретінде де өз борышын атқарады. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабат жарысып, тату-сүйіспеншігіліке тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі-өміршең салтын, діни жол-жосығымызды ескергенде ғана оның қадір қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды, ағайын-туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек.