ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ КЕШЕНІН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ

  Э.А. Мусаева, Қ Әбенова (Қазақстан. Қарағанды қаласы) |    Завантажити статтю

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан мен Ресей арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану мәселесі туды. 1991 жылы әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал-жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей Қазақстанның меншігіне көшкен. Байқоңыр- жалпы аумағы 6717 шаршы километрді құрайтын жер бетіндегі ең алып ғарыш айлағы. КСРО кезінде космонавтиканы дамытуға көп қаржы бөлінгендіктен 90-жылдары Байқоңыр кешені көптеген жобаларды іске асыруға мүмкіндігі болды. Сондықтан Ресей мен Қазақстанның осы саладағы басты мақсаты «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтап, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету болды[1,б.39].